Ақмола облысында астық қоймасында өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысының құтқарушылары астық қоймасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есіл ауданының әкімшілік орталығында орналасқан астық қоймаларының бірінен өрт шықты.

«Өртті жоюға Есіл ауданының гарнизоны күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылдырылды. Өрттің ауданы 900 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада.

Өртенген астықтың көлемі анықталуда.

Зардап шеккендер жоқ.