25.09.2024, 17:43
Оқиғалар
Шыбынды ауылында комбайн жұмысшыны орап әкеткен
Оқыс оқиғадан қаза тапқан адамның жасы 49-да болған
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысы Денисов ауданы Шыбынды ауылының жанындағы егін алқабында оқыс оқиға тіркелді: мұнда комбайншы өз техникасының орағына өзі оратылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны облыстық полиция департаменті растады. Оқыс жайт кеше, 24 қыркүйек күні тіркелген.
«Шыбынды ауылының жанындағы оқиға бойынша полиция еңбек заңнамасын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті шаруа қожалықтардың бірінде жұмыс істейтін 49 жастағы ер адам комбайнның орағын шөптен тазалап жатқанда, өзі оратылып кеткен», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Көп оқылған
28.08.2026, 11:05
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
28.08.2026, 13:02
Ұзынағашта ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды
28.08.2026, 16:16
Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)