Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік осы уақыт аралығында көпірдегі жаяу адамдар өтетін жерді жөндейді

Фото: Azattyq Rýhy

Астанадағы Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылығының қиылысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, осы қиылыстағы көпірдің үстінде жаяу адамдар өтетін жер жөнделеді.

«Осыған байланысты, 26 қыркүйек күні түнгі сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін және 27 қыркүйек күні түнгі сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады», - деп хабарлады әкімдік.