Оған 45 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
40 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Гашек көшесінде бұрылу кезінде дән тиелген тіркемелерден жүк түсіріп алған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, онда КамАЗ көшеге бұрылған сәтте дәндердің төгіліп, жол бойына шашылғанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл жағдай жолда келе жатқан «Ауди» мен «Фольксваген» көліктерінің соқтығысуына себеп болды. Екі көлік қарсы бағытта келе жатқан КамАЗға соқтыққан. Абырой болғанда, бұл жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы төгілген дәндерді тазалап, кептелісті болдырмауға әрекет жасады.
«Жүргізушіге жол қауіпсіздігін бұзғаны және жолды ластағаны үшін 45 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. «Ауди» мен «Фольксваген» көліктерінің жүргізушілері жол-көлік оқиғасын өзара келісім арқылы шешкен», - делінген хабарламада.