24.09.2024, 08:44
Оқиғалар
Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.
«Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды
11.10.2026, 10:00
Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
11.10.2026, 15:17
Ташкентте қазақстандық азамат 10 мың долларын жоғалтып алған