Жыл басынан бері елімізде 17 рет газ баллоны жарылысы болып, одан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар өрт орындарынан 961 газ баллонын шығарса, оның ішінде 50 литрлік 194 баллон болған. Былтыр баллондардың жарылысы, газ-ауа қоспасынан болатын жарылыстар 128 рет тіркеліп, 21 адам қаза тапты, 167 адам жарақат алған.
ТЖМ халықты газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң ұстануға, сақтық шараларына шақырды:
- баллондарды тек мамандандырылған пункттерде толтырыңыз. Автожанармай құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салынады;
- екі қабаттан асатын көпқабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
- баллон корпусының қызуына жол бермеңіз;
- үй-жайда газдың иісі шықса, газ беру кранын жауып, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу керек, ашық отты пайдаланбау керек және электр қуатын қоспау қажет;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіз;
- газдың шығуын тексеру үшін сабын ерітіндісін қолданыңыз.
- Газ жабдықтарын уақтылы тексеру және жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады.