Татарстанның зымыран кемесі Ақтауға жетті

Автор: Темірхан Айжан

Кемелерді капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды 

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ресейдің кемелері достық сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының кемелері, оның ішінде Каспий флотилиясының флагманы – «Татарстан» зымыран кемесі Ақтау теңіз портына достық сапармен келді. Делегацияны Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.