Оның жетеуі – балалар
Қарағандыда өрт шыққан тұрғын үйден 17 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қарағандыда А.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстардың өртенуі орын алды.
«ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында жану өнімдерімен тұншығудан құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды. Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті,» - делінген ТЖМ хабарламасында.