Зорлық-зомбылық белгісі жоқ – полиция Шымкентте көз жұмған шетелдік студенттер туралы

Автор: Темірхан Айжан

Өлімнің нақты себебі анық емес

Фото: Istockphoto

Полиция Үндістаннан келген студенттердің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Мәйіттерден көзге көрінерлік зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 17 қыркүйекте Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған.