Полиция халықтан 650 млн теңге алдап алған алаяқтардың түрін көрсетті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда жеміс-жидек жеткізіп беремін деген әйелге адамдар 516 млн теңгесін бере салған

видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды алдап, алаяқтық жолмен 650 млн теңгеден астам қаражатты қалтасына басқан азаматтардың видеосын таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, алаяқтар халыққа сан түрлі сылтау мен өтірік дүние уәде еткен.

«Мәселен, 2018 жылы өзі Ақтөбеде бола отырып, Астанадан үй алып беремін деген алаяқ халықтан 100 млн теңге жинап алған. Алматыдағы 44 жастағы әйел көкөніс пен жеміс-жидек жеткізіп беремін деп азаматтардан 516 млн теңге алған. Былтыр жеңіл несие арқылы үй алуға көмектесемін деген 60 жастағы ер адам тұрғындардың 30 млн теңгесін қалтасына басқан», - деп жазады сайт.

Жалпы жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтаған.