Түркістан облысында екі баланы ит талап тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Олар шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді

Фото: astanatv.kz

Түркістан облысындағы Шардара қаласында екі баланы ит талап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана арнасының хабарлауынша, 9-10 жастағы қыздар аудандық аурухананың хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген. Оларға жарақатына байланысты ем тағайындалды.

«2014 жылы туған қыз бала тәуліктік стационарда. Жағдайы орташа ауырлықта, ал 2015 жылғы қыз бала жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, күндізгі стационарда емін жалғастырады. Бүгінгі таңда жағдайлары тұрақты, емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде», - деп мәлім етті Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.