Айнұр Тұрсынбаеваның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін - Түркия дәрігерлерінің күдігі расталды ма

Автор: Темірхан Айжан

Ол ауруханадағы емдік процессін видеоға түсірген 

видеодан скриншот

Түркия дәрігерлері бұрынғы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның денесінде қатерлі ісік болуы мүмкін деген тұжырым жасаған. Ол денсаулығын тексертіп жүргенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менде қатерлі ісік бар деген күдік болған. Биопсияға тапсырып, бәрі таза шықты. Бүгін менің асқазанымды тексереді. Қазір мені наркозға дайындап жатыр», - деді Тұрсынбаева.

47 жастағы бұрынғы айтыс жұлдызы Айнұр Тұрсынбаева көптен бері Түркия мемлекетінде тұрып жатыр. Ол қазір қыз-келіншектер арасында коуч ретінде танымал.