16.09.2024, 16:33
Оқиғалар
Нигерия түрмесінен 300-ге жуық қылмыскер қашып кетті
Қазіргі күні 7 қылмыскер ғана қолға түскен
Фото: Reuters
Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Майдугури түрмесінің қабырғасы алапат су тасқынынан кейін құлап, 281 сотталушы қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.
«Су тасқыны түзету мекемелерін, оның ішінде күшейтілген режимдегі түзету орталықтарын, қызметкерлерге арналған тұрғын-жайларды қиратып кетті», - деді түрме басшысы Умар Абубакар.
Өткен аптада Майдугури – Борно штатының астанасы, соңғы онжылдықтағы ең қатты су тасқынына ұшырады. Толассыз жауған жауын су бөгетін толтырып, ернеуінен асып төгілген. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 30 шақты адам қаза тауып, миллионға жуық адам зардап шеккен.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы