$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2024, 13:26
Оқиғалар

Жамбылда фельдшерден пара алған әйел 4 жылға сотталды

Сотталған әйелдің өзі мекеме басшысының міндетін уақытша атқарып жүрген

Жамбылда фельдшерден пара алған әйел 4 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің Жамбыл облысындағы «Апатты медицина орталығында» басшының міндетін атқарушы болған Махашева пара алғаны үшін 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың мәліметіне сүйенсек, ол тұрғыннан фельдшер ретінде жұмысқа аламын деп пара сұраған.

«№ 2 Тараз қалалық сотының үкімімен «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» филиалы басшысының міндетін уақытша атқарған Махашева мен осы филиалдың кадрлар жөніндегі инспекторы Қалмұратова сотталды. Олар жеке тұлғадан фельдшер ретінде жұмысқа орналастыру айтарлықтай мөлшерде пара алған», - деп хабарлайды Антикор.

Сот мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, Махашеваны 4 жылға, ал, Қалмұратованы 3,6 жыл бас бостандығынан айырды.

Бірақ, дереккөзге сүйенсек, олар кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған соң, жазасын 4 жылдан кейін ғана өтейді.

Серіктес жаңалықтары