Алматыдағы ұйымнан 27 млн теңге ұрлаған адам Түркияда қолға түсті

Azattyq Rýhy

Күдікті бірнеше органның күшімен Қазақстанға экстрадицияланған 

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігі Алматыдағы ұйымнан 27 млн теңге ұрлаған азаматты Түркияда қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, күдіктіні қолға түсіруге Интерпол мен Түркиядағы Қазақстан елшілігі көмек берген.

«Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, оған халықаралық іздеуге жарияланған», - деп жазады прокуратура.

Бір ай бұрын күдікті Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен еліміздің құқық қорғау органдарына берілген. Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.