Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде вирус жұқтырғандар саны 180 адамға жетті

Фото: РИА Новости

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

COVID-19 инфекциясы Арыс қаласының 1948 жылғы және 2009 жылғы тұрғындарынан зерттеу жұмыстары барысында анықталды.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының 1969, 1975 және 1988 жылғы тұрғындарының сынамасы да олардың вирус жұқтырғанын көрсетті.

«Қазіргі таңда аталған науқастармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Науқастар оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Жағдайлары қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бүгінде Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 180 адамға жетті, оның ішінде 76 адам жазылып шықты.