СҚО-да жеке тұрғын үй толығымен өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Видеодан алынған кадр

СҚО ТЖД бөлімшесіне  Булаев қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер оттың шаруашылық құрылысына ауысып, нәтижесінде жалпы 180 ш.м. алаңда жеке тұрғын үйдің жанғанын анықтады.

ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді.  

Зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: