«Біреуінің білегі ампутацияланды»: Ақтау маңында жол апатынан зардап шеккен екі баланың жағдайы белгілі болды

Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы «Автодром» ауданында болған

«Біреуінің білегі ампутацияланды»: Ақтау маңында жол апатынан зардап шеккен екі баланың жағдайы белгілі болды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Жол апаты 13 қыркүйек кешкі уақытта болған. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 21:07-де түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы екі баланың (қыздардың) 2008 және 2022 жылдары туғанын және олар жол апатынан зардап шеккенін хабарлады.

Ауыр жағдайда олар Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Ақтау – Форт-Шевченко тас жолында Toyota Estima көлігі қатысқан жол апаты болып, көлік өртеніп кеткен еді. Оқиғада сегіз адам, оның ішінде төрт ересек, үш бала жарақат алған, тағы бір бала сол жерде қаза тапқан.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына үш ересек адам жеткізілді, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң амбулаториялық емделуге жіберілді. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты.

Аймақтық балалар ауруханасына 2016, 2015 және 2019 жылы туған үш бала жеткізілді. Екеуі миы шайқалып, дене жарақаттарымен емханаға түсті, ал біреуінің білегі ампутацияланды.

Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Осы аптада үш зардап шеккен адамды ауруханадан үйлеріне шығарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.