Алматыда 12 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп, көз жұмды

Автор: Темірхан Айжан

Полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: Istockphoto

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде жасөспірім қыз үйдің 13-ші қабатынан секіріп кеткен,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 12 қыркүйекте түскі уақытта болған.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себеп салдары анықталып жатыр», - делінген қалалық полицияның хабарламасында.