$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2024, 10:05
Оқиғалар

Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адам түрмеде емес, жындыханада жатыр

Прокуратура осыған байланысты қылмыстық істі тергеу үзілгенін хабарлады

Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адам түрмеде емес, жындыханада жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Биыл көктемде Алматыдағы қымбат тұрғын үй кешендерінің біріне мас күйінде көлік айдап келіп, шлагбаумды ашпаған күзетшіні көлігімен 3-4 рет басып өлтірген адам түрмеге емес, жындыханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады. 

«Алматы қаласындағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі күзетішінің өліміне қатысты іс тоқтағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде тарап кетті. Биыл наурыз айынан бастап күдіктіге қатысты ікісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеп-тексеріліп жатқанын түсіндіреміз. Сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысының негізінде, қылмыстық-процессуалдық кодекстің  511-бабы 2-бөлігі 2) тармағына сәйкес күдікті психитриялық көмек көрсететін, арнайы медициналық ұйымда жатыр», - деп хабарлады прокуратура.  

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 29 наурызы күні түнде 45 жастағы адам Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі үйіне келген. Мас адам шлагбаумның жанындағы жас жігітті көлігімен бірнеше рет таптап өткен. Көлігін қойып, сыртқа шыққан ол күзетшіге дәрігер шақырудың орнына оны тепкілеп, ұрып кеткен. Марқұмның артында жары мен үш баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары