13.09.2024, 08:10
Оқиғалар
Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден кұлап кетті
Оқиға Қаскелең көпірінде болған
Видеодан алынған кадр
Алматы облысында автобус қоғамдық көлік көпірден құлап, шағын автобусқа соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
№78 автобус көпірдің қоршауын бұзып, төменде келе жатқан Mercedes-Benz шағын автобусына құлаған.
Автобус жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ол транспортты басқарып келе жатқан кезде есінен танып қалған деген алдын ала мәлімет бар. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шағын автобустың ішіндегі адамдар үйлену тойынан қайтып келе жатқан, олардың барлығы тек жеңіл жарақаттармен аман қалған және медициналық тексеруден өткен. Қазіргі уақытта полиция апатқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі көлік те арнайы тұраққа жіберілген.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр