Дау сотқа дейін жетті
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін елодалық екі тұрғынға қатысты іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, А. және К. жолдың жүру бөлігінде төбелесіп, сол арқылы өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сот отырысы барысында құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындады.
Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары құқық бұзушылық фактісінің бейнежазбасымен, жүргізушілердің жазбаша түсіндірмелерімен расталды.
Жаза қолдану барысында сотпен жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық тәртіпке қол сұғатын құқық бұзушылық жасағаны, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді.
«Сот құқық бұзушы А.-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Азамат К. әскери қызметші болып табылады және оқиға қызметтік міндеттерін атқару кезінде болған, осыған байланысты сот оны кінәлі деп танып, тәртіптік жаза қолдану үшін іс материалдарын әскери қызмет өткеру орнына жіберді. Себебі ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады», - делінген хабарламада.