ШҚО-да жүргізуші жанып жатқан көлігін тастап, қашып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік иесі әлі анықталған жоқ

Куәгерден келген фото

Оқиға Октябрьское ауылдық округі маңында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

№20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне бұл туралы куәгерлер хабарлаған.

Төтеншеліктер отқа оранған көлікті сөндіріп қана қоймай, өрт таралған аумақты да қызыл жалыннан арылтты. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құраған.

Алдын ала болжам бойынша, автокөліктегі өрт жол-көлік оқиғасынан кейін болған, себебі көліктің шанағы қатты майысып кеткен.

Көлік иесі әлі анықталған жоқ.

Материалдар Алтай ауданының полиция бөліміне жіберіледі.