FlyArystan бір жолаушыдан  9,5 млн теңге өндіріп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға былтыр желтоқсан айында болған

Фото: FlyArystan

FlyArystan әуе компаниясы 2023 жылдың 23 желтоқсанында Шымкенттен Алматыға қарай ұшқан ұшақтың бүйіріндегі есікті ашып жіберген жолаушыны сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп Azattyq Rýhy.

Енді жолаушы әуе компаниясына 9 млн 551 мың теңге шығын өндіріп беруі керек. Бұндай шешімді Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты шығарған.

«Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында, Шымкент-Алматы бағытында ұшқан KC7106 рейсінде болды. Ұшақ қонғаннан кейін, жолаушылардың бірі 12-ші қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған есікті ашып жіберген.  Осылайша, әуе компаниясына 9 551 922 теңге көлемінде шығын келген», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.