Бұл туралы алып-қашпа әңгіме 9 қыркүйек күні таралған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы мен екі қызметкерін ұстағанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар лауазымын теріс пайдаланды, билікті немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдаланды және пара алды деген баптар бойынша айыпталып отыр.
«Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.