Қызылордада әйелін мүгедек қылған полиция майоры бір жарым жылға сотталды

Темірхан Айжан

Ол 5 млн теңге моралдық шығын төлейді 

Қызылордада әйелін мүгедек қылған полиция майоры бір жарым жылға сотталды
Фото: Istockphoto

Қызылорда соты осыдан үш жыл бұрынғы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция майоры әйелін өлімші етіп сабап, басынан бөтелкемен ұрып, еденге сұлатып тастаған. Өміріне қауіп төнгенін сезген әйел қорыққаннан балконнан секіріп кеткен. Салдарынан бірінші топтағы мүгедекке айналған.

«2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген. Жәбірленуші А. материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұрады», - делінген сот хабарламасында.

Сот полиция майорын кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға соттады. Сонымен бірге ол майор шенінен айырылды. Қаскөй азаматтық талап бойынша 4 054 181 теңге материалдық шығын және 5 000 000 теңге моральдық шығын өндіріп береді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.