Алматыда тұрғын үйдің ауласында жол талғамайтын көлік баланы қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға видеоға түсіп қалған

Видеодан алынған кадр

Жол апаты Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның бейнежазбасымен журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында бөлісті. Оның мәліметінше, тұрғын үй кешенінде жол талғамайтын көлік жүргізушісі баланы қағып кеткен.

Алматы ПД мәліметінше, бұл жол-көлік оқиғасы бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Көлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады.