09.09.2024, 17:14
Оқиғалар
Шымкентте полковник Бахтияр Баяновтың қолға түскені расталды
Ол және оның әріптесі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: telegram.org/a/#-1002209989713_1325
Шымкент полиция департаменті қаржы ұйымдастыру басқармасының басшысы, полковник Бахтияр Баянов пен аға лейтенант Қуаныш Әбдалиннің қолға түскені расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакцияға ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шара қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазааланады», - деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, екі лауазымды полиция аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды