Шымкентте баланы сүйреген тәрбиеші жұмыстан кетті

Автор: Темірхан Айжан

Редакцияның сауалына құзырлы органдар жауап берді 

Фото: скриншот

Балабақшада бүлдіршінді аяусыз соққыға жыққан тәрбиеші жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында», -делінген ведомстовоның хабарламасында. 
 

Бұған дейін «Сүлеймен» деген жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі кішкентай қыз баланы аяғынан ұрып, сүйрелеп төсекке жатқызғаны туралы видео тарағанын жазған едік. Оқиға Шымкент қаласында тіркелген.