Ақтөбе облысында ер адам сөндірілмеген темекі салдарынан арқасын күйдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен тұрғын II дәрежелі термикалық арқа күйігін ал

Фото: Azattyq Ruhy

Оқиға Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 4 қабатында болған. Үйде 2 шаршы метр алаңда матрас жанып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өртті төтеншеліктер келгенге дейін үйдегілер өз күштерімен сөндірген. 

II дәрежелі термикалық арқа күйігін алған 1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді, ол тексеруден кейін үйге жіберілді. 

Өрттің алдын – ала себебі-темекі шегудің абайсыздығы.