Шығыс Қазақстан облысында қайықтағы адамдар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар ауа райының қолайсыздығына байланысты жағаға шыға алмаған

Видеодан алынған кадр

Алтай ауданында суға қайықпен жүзуге шығып, өз күштерімен жағаға жете алмаған тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алтай ауданында 2 ер адам мен 2011 жылы туған бір бала Бұқтырма су қоймасындағы Гусинный аралына резеңке қайықпен жүзіп, қатты жел мен үлкен толқындардың салдарынан жағаға орала алмады. 

ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға шығарып құтқарды. 

Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ тәуліктің қараңғы уақытында, ауа-райының қолайсыздығы мен дауылды ескертулерде қайықта суға айдынына шықпауды сұрайды.