«Қолма-қол ақшаға айналдырған»: Моңғолиядан келген отбасылар мен лауазымды тұлғалар ақшаны талан-тараж етті
ШҚО прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау схемаларын анықтады
ШҚО-да басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражаты ұрланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бюджет қаражаты жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен ұрланған. Кейбір жағдайда ұрлық мансап орталықтарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылған.
«2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға келісімшарт жасаса, оның 9 млн теңгесін қоныс аударушылар келісімшартқа қол қойғанға дейін төлеген-мыс, ал қалған соманы Орталық сатушылардың есепшотына аударған. Содан кейін сатушылар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған. Оны қоныс аударғандарға қайтарды, олар жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде көлік сатып алуға жұмсады», - деп хабарлады прокуратура.
Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 млн теңге сомасында үйді сатып алу-сату шартын жасаған. Оның 4 млн теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген.
«Сонымен бірге, сатып алынған үй қирап, тұруға жарамсыз екені, ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған келісімшарт жасалғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу мүддесі үшін оған қатысты тұлғалар туралы ақпарат жарияланбайды.