Тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген балық тиеген браконьерлерді ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Өргебас ауылында ұсталды

Түркістан облысында тәртіп сақшылары Қызыл кітаптағы балықтар, қайық және 50 метрлік тор тиеген браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамырда Түркістан облысы, Өргебас ауылында төтенше жағдай кезінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін Ұлттық ұлан қызметкерлері заңсыз балық аулайтын тұрғындарды ұстады. Бұған дейін Өргебас ауылында заңсыз балық аулайтындар болуы мүмкін деп хабарланған болатын.

«Кезекші  Қуаныш Дүйсенби мен патруль Бақдәулет Жалмағанбетов Опель көлігін тоқтатты. Тінту кезінде көліктердегі адамдар өздерін тым еркін, жүргізуші агрессивті деп ұстаған. Тәртіп сақшылары көліктің жүк салғышын ашып, Қызыл кітапқа енгізілген екі қап балық, резеңке қайық пен ұзындығы 50 метр балық аулайтын торды тапты. Әскери полиция браконьерлерді одан әрі қарау үшін полицияға өткізді», - делінген хабарламада.