Шымкентте төртінші қабаттан құлаған бала ауруханаға жатқызылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның жағдайын дәрігерлер бақылайды

Фото: depositphotos.com

Шымкентте төрт жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға 3 қыркүйекте сағат 18:45-те болды.4 жасар бала Володарский көшесіндегі көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған.

Бала жарақатпен ауруханаға жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер бақылайды.

«Қалалық балалар ауруханасына 2020 жылы туған бала жеткізілді», - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. ⠀