Күйдіргі: Алматы тұрғындары мал сойып, инфекция жұқтырып алуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Инфекция адамнан адамға берілмейтінін есте ұстаған жөн

Фото: istockphoto.com

Алматы облысында малдан күйдіргі жұқтырды деген күдікпен төрт адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылдың 1 қыркүйегінде Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінде күйдіргі жұқтырды деген күдікпен төрт адам ауруханаға түсті. Инфекция ауру малды сою кезінде жұққан деп болжануда. Күйдіргі адамнан адамға жұқпайтынын есте сақтаған жөн», - деп хабарлады әкімдік.

Ауылдың 4 тұрғыны ветеринарлық бақылаусыз мал сойған. Қазір олардан сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. 

2024 жылдың 12 тамызында бұл ауылдағы мал топалаңға қарсы егілген. Қазір оқиға орнында дезинфекция жасалған. Жағдайды бақылау және қадағалау үшін жедел штаб құрылды.