Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті жерде өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Фото: t.me/qr_tjm

Астанада бүгін, 2 қыркүйекте таңертең басталған қоқыс полигонындағы өртпен ҚР ТЖМ қызметкерлері әлі де арпалысуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер таңертеңнен бастап Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы қоқыс өртін сөндіруде.

«Қазіргі уақытта ашық өрт жоқ. Жергілікті жерде өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта су құю және арнайы техникамен топырақ себу жұмыстары жүзеге асырылуда. Өрттің алдын ала ауданы 500 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ТЖД мен ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірушілер ҚТҚ жануын және оны одан әрі таралуын жою жұмыстарын жалғастыруда. Желдің әсерінен болған қиын жағдайларға қарамастан, қазіргі уақытта полигоннан тыс өрттің таралу қаупі жоқ.