Қарағандыда жеңіл көлік 12 минутта өртеніп кетті: экшн-камераның видеосы тарады

Автор: Молдатай Сымбат

ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды

Фото: видеодан скриншот

Қарағанды қаласының Республика даңғылында жеңіл автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 12 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.