ШҚО-дағы «Шығыстүстімет» шахтасында төрт адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы  «Шығыстүстімет» шахтасында төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ТЖД ұсынған мәліметке сүйенсек, олар белгісіз заттан уланған.

«ШҚО Глубокое аудандық ауруханасына тағы бір адам жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.