Түркияда Ильхам Әлиевтің экс-күзетшісі өлі күйінде табылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол 50 жаста болған

Фото: m.haqqin.az

Кушадасындағы түрік қонақ үйлерінің бірінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы күзетшісінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

50 жастағы Махир Мамедовтың денесін бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінен оның әйелі Кямала Мамедова тапқан.

Хабарламада Махир Мамедов отбасымен бірге Кушадасы курорттық қаласына келгені айтылады. Қонақ үйдегі таңғы астан кейін Махир өз бөлмесіне көтерілген, ал жұбайы мен ұлы қаланы аралауға кеткен. Қонақ үйге келгенде олар Мамедовтың денесін тапқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері Мамедовтың қайтыс болғанын айтты.

Өлімнің себебі Измир мәйітханасындағы аутопсиядан кейін белгілі болады.

«Хабарламаны алғаннан кейін қонақ үйге 112 жедел жәрдем бригадалары мен полиция жіберілді. Дәрігерлер жүргізген тексеру барысында Махир Мамедовтың қайтыс болғаны анықталды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке оққағары болған Махир Мамедовтың өлімінің нақты себебі Измирдің сот-медициналық мәйітханасында жүргізілетін аутопсиядан кейін анықталады», - делінген БАҚ хабарламасында.