$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұрмыстық зорлық: Павлодар тұрғыны далада ес-түссіз жатқан балалы әйелге көмек көрсетті

2 баланың анасы күйзеліске түскен

Тұрмыстық зорлық: Павлодар тұрғыны далада ес-түссіз жатқан балалы әйелге көмек көрсетті
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының тұрғыны ішінде баласы бар арбаны және ес-түссіз жатқан әйелді көріп, бірден 102 мен жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәриям есімді әйелдің қиын жағдайға тап болғаны анықталды. Оған көмектесетін ешкім болмаған соң, 2 баласы бар әйел Дағдарыс орталығына жіберілді. Балалары балабақша мен мектепке орналастырылды.

«Күн сайын біз Павлодар қаласының дағдарыс орталығында бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерімен кездесеміз. Әрқайсысына ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша заңгерлік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар әйелдерді жұмысқа, балаларды мектепке, балабақшаға орналастыруға көмектесеміз», - деді Павлодар қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Әсем Рахимова.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын қызметкерлер өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдермен жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

«Қазір полицияның көмегіне ризамын. Уақытша болса да басымда панам бар. Балалар орнығып, оқиды, құрбыларымен араласады. Орталықта жүргенде тағдырыма мемлекеттің бей-жай қарамайтынын, қиын кездерде олар міндетті түрде көмектесетінін, ең бастысы соған сену керек екендігін түсіндім», – деді Мәриям.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Дағдарыс орталығына 69 әйел мен 139 бала орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары