Төтенше жағдай кезінде саунада демалған Сот төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды - Жоғарғы сот

Автор: Azattyq Rýhy

Жоғарғы сот төрағасы осындай шешім шығарды

ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов оқиғаға орай тексеріс жүргізу үшін аудандық сот төрағасының жұмысын тоқтатты деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Алматы облысы Кербұлақ аудандық соты төрағасының жұмыстан шеттетілуіне саунадағы бейнеролик себеп болған. Бұл туралы жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Бас прокуратура саунада демалған судья мен прокурор туралы видеоға пікір білдірді

«Алматы облыстық сотының бұған дейін жарияланған баспасөз хабарламасына қосымша. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж.Асановтың өкімімен қызметтік тексеріс жүргізу үшін Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.Сейтовтің өкілеттігі тоқтатылды», - делінген А.Садуақасовтың жариялаған жазбасында.