Алматыда ер адам итті көлікке байлап сүйреді (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Ол ұсталды 

Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында ер адам итті көлікке байлап сүйреді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты күдіктіні ұстады.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан жантүршігерлік фактісі анықталды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді», - деп хабарлады полиция департаменті.

Ұсталған азаматқа қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.