Жайық өзеніне 3 жасөспірім батып кетті: үшінші мәйіт табылды

Автор: Молдатай Сымбат

Балалар рұқсаты жоқ жерде шомылған

Фото: ТЖД

Жайық өзеніне батып кеткен 3 жасөспірімнің үшіншісінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау қаласы Береке ауылында 3 жасөспірім рұқсат етілмеген жерде шомылып, Жайық өзеніне батып кеткен. 26 тамызда сүңгуірлер екі жасөспірімнің денесін судан шығарды. Үшінші баланың денесі бір тәуліктен кейін табылды.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД он құтқарушысы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД.