Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз бала автокөлікте тірідей жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік аулада тұрған, ал баланың ата-анасы үйде болған

Фото: ТЖМ

Бүгін, яғни 27 тамыз күні Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дон ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.

Көршілес үйдің бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес, аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өздігінен өртенген.

«Көлік салонында болған 10 жастағы қыз бала қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің шығу себептері анықталуда, - деп хабарлады полиция.

Бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.