ТЖМ өрт сөндірушілері үш газ баллонын дер кезінде алып шықты
Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндірушілер түтін басқан үйден әжесі мен немересін құтқарды. 40 шаршы метр жер жанып кеткен. Өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шықты.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.