Екеуінің денесі табылды
Атырау қаласы Береке ауылында 3 жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 26 тамызда сағат 17:25 шамасында болған.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, 15-16 жас аралығындағы үш жасөспірім шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
«Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің денесін судан шығарды. Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.