Сондай-ақ, қарумен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған
Түркістан облысының Шардара ауданында браконьерлер табиғат қорғаушыларына қарата оқ атты деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Шардара су қоймасында болған. Түнгі рейд кезінде инспекторлар қайықпен балық аулап жүрген үш браконьерді байқайды. Олар табиғатты қорғаушылардан қашып, 17 километр жүзген. Алайда, қайықтары тасқа соғылып, батпаққа батыпты. Сол сәтте жағаға браконьерлердің таныстары келіп, инспекторларға қарудан оқ атқан. Артынша оларды қорқытып, ұялы телефондарын да тартып алыпты.
Көп ұзамай жергілікті полиция күдіктілердің бірін ұстады. Ол қайықта болған браконьердің әкесі екен. Ұсталған азаматтан 16 калибрлі аңшы мылтығы мен инспекторлардың ұялы телефондары тәркіленді.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.