Оралда екі жасар қыз бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бүгін, 25 тамызда болған

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, екі жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.

«Бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Оны ауруханаға жеткізді», — деп түсіндірді ведомствода.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайы туралы кейінірек хабарлайтынын айтты.