Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін 11 аула су астында қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жойылды

Фото: depositphotos.com

Алматы облысының бір ауылында қатты жауған жаңбыр салдарынан  11 аула су астында қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жауын-шашынның көп түсуі салдарынан  жергілікті маңызы бар «Алматы-Алғабас» автомобиль жолының жиегі жартылай шайылды. 11 үй ауласынан ағын су жүріп өтті. Осы автожолда жол қозғалысы тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерге жергілікті полиция қызметі барды», - делінген хабарламада.

Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда.

Көшелер мен аула аумақтарынан су айдау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді.