Астана-Варшава бағытындағы әуе рейсінде ол жолаушылар мазасын алған
Ұшақта заң бұзған шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 356 азаматты түсірді. Оның ішінде:
«Мәселен, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Астана-Варшава бағытындағы әуе рейсінен құқық бұзушыны түсіріп алды. Тексеру барысында полицейлер 49 жастағы Германия азаматын анықтады. Ол мас күйде экипаждың талаптарын орындамаған», - деп хабарлады ІІМ.
Шетелдік азамат алкогольдік ішімдік ішкені, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.